Павлодар облысында мыңға жуық оқушы Астанаға демалуға барады

Павлодар облысында мыңға жуық оқушы Астанаға демалуға барады
Фото: Константин Шелков

Облыстың барлық оқушылары демалыспен қамтылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облыстық білім беру басқармасы қосымша білім беру және тәрбие ісі жөніндегі бөлімінің басшысы Бекбатыр Айтмахан мәлім етті. 

– «Жаздық жолдама» әлеуметтік жобасы аясында «Қазақстан халқына» ҚҚ есебінен 925 оқу үздігіне, түрлі конкурстар, жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Астана қаласына жолдама табыстау жоспарлануда. Бұл жолдамалар тек ауыл оқушыларына беріледі,- дейді Бекбатыр Айтмахан.

Сонымен қатар, өңірдің қала маңындағы лагерьлерінде алты мыңға жуық оқушыны сауықтыру жоспарланған. Бүгінгі таңда 3532 бала қала маңындағы лагерьлерінде демалып келді. 

Айта кету керек, Мектеп базасында 40 мыңнан астам оқушыны қамтитын 326 мектеп жанындағы лагерь мен алаң жұмыстары ұйымдастырылды. Облыста 12 қала сыртындағы балалар лагері жұмыс істейді, оның ішінде мемлекеттік – 9, жеке меншік – 3 лагерь.