Асайын Байханов Баянауылда өрт болған орынға шықты
Желтау ауылында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына барлық қажетті күштер мен техникалар тартылды. Жылдамдығы секундына 12-15 метрге дейінгі қатты екпінді жел мен биік өскен шөп жағдайды қиындатуда.
Желтау ауылында жедел штаб құрылып, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов сонда жолға шықты.
Бұған дейін Желтау ауылының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау туралы шешім қабылданған болатын. Қауіпсіз жерге 18 адам, оның ішінде сегіз бала көшірілді. Қазіргі уақытта аталмыш елді мекенге қауіп төніп тұрған жоқ.
Еске сала кетейік, бүгін күндіз Қарағанды облысының аумағында басталған дала өрті Павлодар облысының аумағындағы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өтті.