Асайын Байханов: «Дауыл үшін ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз»
Аймақ басшысы шенеуніктердің бірі неліктен қызметінен айырылғанын түсіндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Basagro.kz тілшісі Ержан Райханов облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Салхановтың лауазымын кенеттен босату себебін Асайын Байхановтан сұрады.
– Дауыл үшін ешкімді жұмыстан шығарған жоқпыз, –деп атап өтті Асайын Байханов. – Нақты талаптар қойылған болатын: дауылдың салдарымен күресу процесін ұйымдастыру, электр желілерінің бағандарын жеткізу, құлаған тіректерді көтеру. Бұл басқарма басшысының тікелей міндеттері мен жұмысы. Дауылдың салдарын жою бойынша жиында ол қанша ауылдың жарықсыз қалғаны, қай ауданда, қандай залал келтірілгені туралы хабарлар болған жоқ.
Асайын Байханов бұл жұмысты облыс әкімінің мүлтіксіз ақ қолға алу керек екенін атап өтті. Сол себептен Ержан Салхановтан өз орнын босатуды сұрады.
Естеріңізге сала кетейік, облыста секундына 37 метрге дейін соққан дауылдың салдарынан үш қала мен алты ауданда 83 әлеуметтік нысан, 63 көпқабатты мен 84 жеке тұрғын үйлер зардап шеккен. Облыс билігі жергілікті табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.
10 желтоқсанға дейін зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жоспарлануда.
Әсия Серікова