Павлодарлықтарды режиссураның қыр-сырын танып білуге шақырады

Павлодарлықтарды режиссураның қыр-сырын танып білуге шақырады
Фото: pixabay.com

Мамандар тәжірибемен бөлісіп, пайдалы байланыстар орнатуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 наурыз күні сағат 16:00-де «Creative Lab» жобасының аясында режиссура бойынша диалогтық кездесу өтеді.

Сіздерді режиссура тақырыбы бойынша диалогтық кездесуге шақырамыз. Бұл тәжірибе алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және кино өнерінін саласындағы кәсіби дағдыларды дамыту үшін бірегей мүмкіндік, – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесуде қалалық киностудия мамандары @igala_pvl тәлімгерлік етеді.

Өтетін орны: Ломов көшесі, 38.