Павлодар облысында жеті жүргізуші көлікті қайта жабдықтағаны үшін жазаланды
Әрбір факті бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 60-қа жуық автобус жүргізушісі жазаланған. Оның ішінде екі жүргізушіде міндетті сақтандыру болмаса, сегізі мемлекеттік немесе міндетті техникалық тексеруден өтпеген, 15-і көлік құралын жүргізген кезде телефонды пайдаланған, 20-сы маневр жасау ережелерін бұзған. Бұзушылықтар үшін арнайы тұраққа екі автобус қойылды.
– Павлодарда Ломов көшесінде «Mercedes-Benz Sprinter» автобусының жүргізушісі тиісті бағыттағы жарық индикаторын оңға қарай қосуды ұмытып кетті. Естай көшесі, 81 мекенжайында «Газель» автобусының жүргізушісі ұялы телефонмен құлаққапсыз және қолмен ұстап сөйлескен. Кенжетаев көшесінде жүргізуші «Ford Transit» автобусына отырғызу орындықтарын қайта жабдықтаған. Май ауданының Көктөбе ауылында «ГАЗ-322132» автомашинасының жүргізушісі бампер шегінен шығып тұрған доғасы бар автокөлікті жүргізген, бұл да бұзушылық болып табылады, – деді Павлодар облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының міндетін атқарушы Руфат Кенжин.
Сондай-ақ Ақсу қаласында «Mercedes Benz Citaro» маркалы автокөлік жүргізушісі маневр жасаған кезде бұрылыс сигналын қоспаған. Ал Павлодар ЖШС-нің бірі «Mercedes-Benz Sprinter» маркалы автокөлікті артқы осінде әртүрлі модельдегі дөңгелектерімен жолға шығуына рұқсат берген.
Әрбір факті бойынша құқық бұзушылар жауапқа тартылды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 23-28 шілде аралығында облыс аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын адамдарға қатысты желіде бақылауды жетілдіру мақсатында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.