Асайын Байханов Отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады
Жиында облыс әкімі бірқатар әскери қызметкерлерді Алғыс хатпен марапаттады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естай атындағы мәдениет сарайында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сахна төріне еліміздің Мемлекеттік Туы шығарылып, Мемлекеттік Гимні шырқалып, көпшіліктің рухын көтеріп тастады.
Аталмыш іс-шараның ашылуында облыс әкімі Асайын Байханов құттықтау сөз сөйлеп, жауынгерлерді мерекесімен құттықтады.
– Аталмыш мереке Жеңіс күні қарсаңында аталып өтуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз» екендігін атап өткен болатын. Туған жерге қызмет ету – қасиетті борыш пен азаматтық парызымыз. Мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен жақсылық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деп аймақ басшысы жылы лебізін білдірді.
Отан қорғаушылар күні – халқымызға тән батырлықтың және Отансүйгіштіктің мерекесі. Бабаларымыз ақ білектің ұшымен, ақ найзаның күшімен кең байтақ даламызды қорғап, бүгінгі ұрпаққа аманаттап қалдырған. Бабалардың аманатына адал болу – келешек ұрпақтың перзенттік міндетті.
– Еліміздегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдай кезінде әскери қызметшілер өздерінің анттарына адалдықтың жарқын үлгісін көрсете отырып, алдыңғы қатарда болды. Сіздің жанқиярлық қызметтеріңіз – еліміздің тәуелсіздігінің бейбітшілік пен халықтың тыныштығының кепілі, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Айта кетейік, жиынның соңы эстрада жұлдыздары қатысқан мерекелік концертке ұласты.