Ақсуда судың түсі өзгеруі мүмкін

Суға тағамдық бояғыш – уранин қосылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
АЖҚ-2 Ақсу ферроқорытпа зауыты және «Теплосервис-Ақсу» КМК аталған зат мүлдем зиянсыз екенін және жүйелік суға жылу жүйесіндегі ақауларды анықтау мақсатында қосылғанын хабарлайды.
Егер су түсінің өзгеруін немесе иісті байқасаңыз, қызмет көрсетуші ұйымға, сервистік немесе басқарушы компанияға, сондай-ақ «Теплосервис-Ақсу» диспетчеріне келесі телефондар арқылы хабарласуды сұрайды: +7 708 466 65 71, 6-15-92, 9-06-75.