Павлодарда «Спорт Сити» шағын ауданына отырғызылған ағаштар жерсінді

Павлодарда «Спорт Сити» шағын ауданына отырғызылған ағаштар жерсінді

Экологтар отырғызылған ағаштардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды @Pavlodanews.kz.

Қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 2022 жылдың көктемінде аталған аумақта 3200 түп көшет отырғызылған. Олардың арасында татар үйеңкісі, қарағай, терек сияқты ағаштар бар. 

Жасыл желектердің жерсіну деңгейі шамамен 98% құрайды. 

Бұл аумақта жұмыстар тұрақты жасалуда. Нәтижесін көріп тұрсыздар. Көшеттерді тексеріп шықтық. Барлығының жағдайы жақсы. Сондықтан 2022 жылғы көктемгі егу жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға беруге болады, – деді эколог Татьяна Пономарева.

Сондай-ақ комиссиямен ағаштарға күтім жасайтын мердігер ұйым «Аяулы алақан» қоғамдық бірлестігіне ұсыныстар берілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімі» ММ (@zhkh_pavlodara)

Фото: Константин Шелков