Павлодар облысында қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келді

Павлодар облысында қыздарға қарағанда ұлдар көбірек дүниеге келді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Халық санының табиғи өсіміне қарамастан облыс алты мыңнан астам адамнан айырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Павлодар облысында 748 748 адам тұрады. Қала тұрғындарының саны – 534 094, ал ауылдарда 214 654 адам өмір сүреді. Өткен жылмен салыстырғанда халық саны бес мыңға жуық адамға азайды. Халықтың табиғи өсімі 666 адамды құрады.

– Биылғы жылдың бес айында облыста 3480 сәби дүниеге келді, оның 1799-ы - ұл, 1681- і - қыз. Яғни, жүз қыз балаға шаққанда 107 ұл, – деп нақтылады Павлодар облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Мағзамова. – 2814 адам қайтыс болды.

1460 жұп шаңырақ көтерсе, 1082 жұп ажырасқан.

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында облыстан 6749 жергілікті тұрғын көшіп кеткен. Көбінесе олар Ресей мен Германияға қоныс аударған. 6589 павлодарлық көшкенде ел ішінде қалса, көпшілігі Астана мен Алматыға аттанған.

Ал 3813 адам, керісінше, Павлодар облысына қоныс аударған. Оның ішінде 382 адам басқа елдерден келген, эмигранттардың басым бөлігі көршілес Ресей мен Қытайдан көшті. Павлодар облысы еліміздің өзге өңірлерінен келген 3431 қазақстандықты қабылдады.

Сондай-ақ статистика мамандары көші-қонның теріс сальдосын анықтады, яғни өңірге келгендерден гөрі өңірден кеткендері көп. Биыл сальдо 1936 адамды құрады.