Павлодарлық жастар ірі кәсіпорындардың өкілдерімен кездесті
Іс-шара Еңбек күніне орайластырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Достық үйінде 6 қазанда өтетін атом электр станциясының құрылысы бойынша референдумға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Еңбек күніне орайластырылып, атом энергетикасын дамыту перспективаларын, кадрлық әлеуетті және еңбек жастарының жетістіктерін талқылауға бағытталған.
Оған Торайғыров университеті және Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті сияқты өңірдің жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Жасыл ел студенттік құрылыс және жастар отрядтарының Павлодар штабы» қоғамдық қоры, «Павлодар облысы «Жастар ассамблеясы» өкілдігі және Павлодар облысы Қазақстан студенттер альянсы» жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
– АЭС-тың қауіпсіздігіне барлық қаражаттың 40 пайызы бөлінеді. Бізде ядролық институт Курчатовта бар. АЭС салынса, осы мамандықтарға кадр мәселесі болмайды. Жастар ретінде біз бірінші кезекте қолдауымыз керек. Себебі бұл біздің, балаларымыздың болашағына керек, маңызды технология. Озық мемлекеттердің қатарында болу үшін де маңызы зор, – дейді АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабының мүшесі Мерғали Жүсіп.
Сонымен қатар, кездесуге «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Рубиком» ЖШС, «Каустик» АҚ және «ERG Service» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың жұмысшы жастары да қатысып, пікір білдірді.
Іс-шара 2025 жыл қарсаңында еңбек жастарының, атом энергетикасындағы кадрлардың және жұмысшы кәсіптерінің перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды.