Асайын Байханов: Рәміздер ортақ құндылықтарды айшықтайтын қасиетті нышандар

Асайын Байханов: Рәміздер ортақ құндылықтарды айшықтайтын қасиетті нышандар
Фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметінен

Павлодар облысының әкімі атаулы күнмен құттықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы аймақ басшысы өзінің Instagram парақшасында жазды.

– Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігін, ұлттық бірлігін, ұрпақтар сабақтастығын және барша қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтарды айшықтайтын қасиетті нышандар. Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету – әр азаматтың Отанға деген сүйіспеншілігінің, ел жетістіктеріне деген мақтанышының және туған жер алдындағы жауапкершілігінің көрінісі. Әсіресе, жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты, халқымыздың тарихы мен дәстүріне деген құрметті қалыптастыру аса маңызды, - деді Асайын Байханов.

Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер халқымыздың ынтымағы мен бірлігінің, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа деген ұмтылысының мәңгілік белгісі болып қала беретінін атап өтіп, павлодарлықтарға зор денсаулық, бақ-береке тіледі.