Павлодарда прокуратура мен трамвай басқармасы меморандумға қол қойды

Құжаттың мақсаты – азаматтардың құқықтық хабардарлығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы мен Павлодар қаласының трамвай басқармасы арасында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
– Бұл жұмыс алаяқтық пен есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған. Облыс орталығының 10 трамвайында аудио және бейнероликтер трансляцияланады, – деп жазылған хабарламада.
Аудиовизуалды материалдарды көрсету халыққа маңызды құқықтық ақпаратты жеткізуге және құқыққа қарсы қызметке тарту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі негізде жүргізіледі.