Екібастұз маңындағы бала өлімі: Әлеуметтік қызметкерлер қырағы болуы керек
Аймақ басшысы осы оқиғаға қатысты балалардың қауіпсіздігі және отбасындағы зорлық-зомбылық туралы кеңес өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жуырда Бесқауға ауылында жеті жасар қыз отбасылық зорлық-зомбылықтың салдарынан ажал құшты. Өз кезегінде облыс әкімі періште қыздың жақындарына көңіл айтты. Кеңесте ол баланың қауіпсіздігіне тәуелді адамдарды тыңдады. Яғни ауыл әкімі, бейінді орынбасарлар, педагогтар, полиция, әлеуметтік органдар қызметкерлері сөз сөйледі. Алайда аймақ басшысы кішкентай ғана ауылда не болып жатқанын дер кезінде жауапты қызметкерлердің білмегенін сынға алды.
- Кішкентай ғана періште өмірмен қош айтысты. <...> Мұндай жағдайлардан үлкен сабақ алып, алдағы уақытта тыңғылықты жұмыс істеп, қайғылы жайттардың алдын алумен айналысу қажет, - деп атап өтті Асайын Байханов.
Екібастұзда тәуекел аймағында 68 отбасы бар. Қызметкерлер олармен белгілі бір жұмыс жүргізеді, көмек көрсетеді. Бірақ бұл жеткіліксіз, деді аймақ басшысы. Қазан айында облыстық омбудсменнің бос жұмыс орны пайда болғаны мен оның бос қалғанын атап өткен облыс әкімі орынбасары Айзада Құрмановаға маман бойынша шұғыл ұсыныс енгізуді тапсырды.
Асайын Байханов басшылардың тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін дербес жауапты екенін еске салып, мемлекеттік қызметкерлерге әкімшілік жаза қолданылатынын атап өтті.