Май ауданында 500-ден астам адамға арналған жаңа медпункт ашылды
Жаңа аурухана барлық ауыл тұрғындарын қабылдай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақжар ауылында «Ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жалпыұлттық жобасы және Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында бой көтерген жаңа медициналық пункт есігін айқара ашты. Бұл – Павлодар облысындағы 15 мыңнан астам ауыл тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсететін әрі жыл соңына дейін іске қосылатын 30 нысанның бірі.
Ескі медициналық пункт 1985 жылы салынған, алайда ешқашан жөндеу жұмыстарын көрмеген болатын. Сол себепті оның орнына жаңа медициналық орталық салуды ұйғарып, жобаға 138 миллион теңгеден астам қаржы жұмсады. Ал ғимараттың өзі 150 шаршы метрді құрайды.
Емханада процедура, физиотерапия, пациенттерді қабылдауға және дәріханаға арналған төрт кабинет,күндізгі стационар бар. Бірақ емханада зертхана бөлмесі қарастырылмаған, анализдарды тапсыру үшін аудан орталығындағы ауруханаға бару керек.
– Ақжар медициналық пунктінде екі медбике ғана жұмыс істейді. Аптасына бір рет Қаратерек ауылынан жалпы тәжірибелік дәрігер келіп тұрады, – деді Май аудандық ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Алшынбек Ахтанов.
Ауыл тұрғындарын жаңа сауықтыру кешенімен құттықтауға денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев арнайы келді. Ол ауданға жаңа мамандандырылған медицина мамандарының келгенін атап өтті. Бұл нысан шағын елді мекендерден, соның ішінде Ақжардан келген науқастарға білікті көмек көрсетуге және шұғыл емдеуге мүмкіндік береді.
– Денсаулық сақтау басқармасы ауыл медицинасын дамытуға, оның ішінде кадрлық әлеуетті нығайтуға ерекше көңіл бөлуде. 11 айдың ішінде облысқа екі хирург, терапевт, тіс дәрігері, анестезиолог пен реаниматолог, невролог, жалпы тәжірибелік дәрігер, сондай-ақ орта буын медицинасының бес маманы келген, – деді облыстың бас дәрігері.
«Ақжар» фельдшерлік пункті 500-ден астам адамға арналған. Қазір жаңа құрал-жабдықтардың арқасында медициналық қызмет көрсету аясы кеңейді. Медпуктке ЭКГ жазуға арналған телекардиограф, дефибриллятор, тыныс алу жолдарынан аспирацияға арналған электр сорғыш құрылғы және көктамырішілік инфузияға арналған шприцті инфузиялық сорғылар сатып алынды. Физикалық құрал-жабдықтар: тыныс алу жолдарын ингаляцияға арналған небулайзер, жоғарғы тыныс жолдарын, құлақ қуысын емдеуге арналған ультракүлгін сәулелендіргіш, БТЛ магниттік терапия аппараты да жаңартылды.
Фото: Павлодар облысының енсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі