Павлодарлық түлек шетелде оқу үшін сапар грантын қалай ұтып алса болады?

Павлодарлық түлек шетелде оқу үшін сапар грантын қалай ұтып алса болады?
Фото: Константин Шелков

Аталмыш грант «Beginit Central Asia by inDrive» халықаралық жобасының үздіктеріне табысталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

27 қыркүйекте сағат 10:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында Қазақстан оқушыларына арналған «Beginit Central Asia by inDrive» халықаралық жобасының іріктеу туры ұйымдастырылады. 

Іс-шараға аймақтың түкпір-түкпірінен келген мектеп оқушылары, Astana Hub-тың Pavlodar Hub-тағы өңірлік менеджері Нұрсипат Тюлюбай, Beginit Central Asia by inDrive жобасының үйлестірушісі Самат Саяков қатысады.     

Beginit Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда және Жамбыл облыстарының 10-сынып оқушыларын біріктіреді. Жоба оқушылар арасында әлеуметтік көшбасшыларды тәрбиелеуді көздеп, лидерлік әлеуеті бар жасөспірімдерді анықтайды және оларға әлеуметтік бастамаларды іске асыруды үйретеді. Осылайша, жеткіншектер туған өлкелерінің мәселелерін шешуге бағытталған жобалар әзірлеп, оны іске асырады.

Жоба іріктеу мен оқытудың бірнеше кезеңін қамтиды. Бағдарлама қорытындысы бойынша үздік финалистерге шетелде оқыту қарастырылған сапар гранттары, ҰБТ-ға дайындық курстары мен компьютерлер сыйға беріледі. Бұдан басқа, 20 финалист Алматыдағы inVision U by inDrive университетінде тегін оқуға шақырылады.

Өткен маусымның нәтижелері бойынша іріктеуге ұсынылған 800-ден астам өтінім ішінен 37 оқушы финалға жолдама алды. Жеті жеңімпаз шетелде оқытуы қарастырылған сапарларды, ҰБТ-ға дайындық курстары мен компьютерлерді сыйға алды. 18 қатысушы inVision U инновациялық университетінің Foundation Year бағдарламасына шақырылды.