Асайын Байханов Мария Мудрякты жоғары марапатымен құттықтады
 
                                Ол әншіге биік белестер тіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жерлесіміз, әлемге әйгілі опера әншісі Мария Мудрякке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
– Бұл қуанышты жаңалыққа мен де, барлық павлодарлықтар сияқты, шын жүректен қуанып, Мария Мудрякты осы жоғары марапатымен құттықтаймын! Марияның өнері – еліміздің мәдениетіне, әлемдік сахнадағы беделіне қосылған өлшеусіз үлес. Ол туған өлкеміздің атын ең мәртебелі опера сахналарында абыроймен танытып, халқымыздың рухани байлығын, биік мәдениетін және кәсіби шеберлігін паш етіп келеді, – деп атап өтті Асайын Байханов.
Оның сөзінше, Марияның өнер жолы – талант пен табандылықтың, отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың жарқын үлгісі.
– Сізге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа табыстар мен биік шығармашылық белестер тілеймін! Даусыңыз әрдайым биіктен естіліп, ел рухын асқақтата берсін! – деді облыс әкімі.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
    
             
         
         
    
             
         
    
             
    
 
    
 
    
 
         
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
