Ақсу қаласының маңында әйелді көлік басып кетті

Ақсу қаласының маңында әйелді көлік басып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 06:13-те  Сарышығанақ ауылының маңындағы көлде әйел адамды көлік басып кетті деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада шұғылдықтың бірінші санаты бойынша шықты. Оқиға орнында әйелдің көз жұмғаны анықталды. 

Әлеуметтік желіде оқиғаның куәгерлері әйелдің балық аулауға шыққанын жазды.