Екібастұздағы жол апатында алты жасар бала қаза тапты

Екібастұздағы жол апатында алты жасар бала қаза тапты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция жүргізушіні ұстап, қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, 103 пультіне шақырту 19 қыркүйекте сағат 18:10-да түскен. Хабарламада баланы көлік қағып кеткені айтылған.

– Оқиға орнында медицина қызметкерлері 2020 жылы туған баланың қайтыс болғанын анықтады. Ол өмірмен үйлеспейтін жарақаттар алған, – деп хабарлады жедел жәрдем станциясынан.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жүргізуші ұсталып, полицияға жеткізілді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Оқиғаның себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Істің тергелу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.