Павлодарда биіктен құлаған сәбидің жағдайы белгілі болды

Қазіргі таңда жағдайы тұрақты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бесінші қабаттан құлаған бала оң динамикамен жансақтау бөлімінен травматологиялық бөлімге ауыстырылған. Сол жерде дәрігерлердің бақылауында болады.
Еске сала кетейік, Естай көшесі, 141 мекенжайында 2022 жылы туған екі жас он бір айлық сәби бесінші қабаттың терезесінен құлаған. Балаға кататравма, жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, көгеруі, өкпе контузиясы және іштің көгеруі диагнозы қойылған.