Павлодар облысында жол апатына түскен үш адам жарақат алды

Павлодар облысында жол апатына түскен үш адам жарақат алды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жолаушылар отырған көлік жыраға түсіп кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 21 сәуірде «Екібастұз-Майқайың» автожолында «Лада Гранта» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, кюветке аударылды. 

– Жол - көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды,– деді департаментте. 

ЖКО фактісі бойынша тексеру жүргізілуде, сараптама тағайындалады. Автокөлік айып тұрағына қойылды.