Ақсуда қай жерлерде жарық жоқ?

Дауылдың салдарын жою үшін қала 11 шағын ауданға бөлінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Ақсу қаласында 105 заңды тұлға, үш жеке, Ақсу шағын ауданында 69 заңды тұлға, бір жеке тұлға, Қалқаман ауылында екі заңды тұлға, Еңбек ауылында 54 жеке тұлға, бір заңды тұлға, М. Омаров ауылында 45 жеке тұлға, екі заңды тұлға электрмен жабдықтауға қол жеткізе алмай отыр.
Евгеньевка ауылында да жұмыстар жүргізілуде. Қаланың екі кәсіпорнының, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күштері тартылды. 30-дан астам техника жұмыс істеді. 1000 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Барлығы 1500-ге жуық адам қатысты. Жағдай үнемі бақылауда, жұмыс толық қалпына келгенше жалғасуда.
Еске сала кетейік, дауылды желдің салдарынан көптеген электр желілері зақымданып, 7970 абонент жарықсыз қалды. Жалпы 61 көпқабатты, 102 жеке тұрғын үйдің, 16 әлеуметтік нысанның, 48 заңды тұлғаның шатырлары қирады. 250-ден астам ағаш құлады. Сондай-ақ, Дөнентаев көшесі, 46 үйінің төбесіне кран мұнарасы құлады. Зардап шеккендер жоқ.