Екібастұзда ер адам жоғалып кетті

Екібастұзда ер адам жоғалып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ержан Жақыпов 1991 жылы туған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Еріктілердің айтуынша, ол 22 қыркүйекте Астана қаласында болған. Әрі қарай оның қайда жүргені белгісіз.

Бойы – 170 см, арықша келген, көздері қоңыр. Алдыңғы тістері жоқ. Оң жақ иығында тыртығы бар. Кекештеніп сөйлейді.

Көк түсті джинсы, қара жейде, қара кепке киіп кеткен. 

Ержан Жақыповты көргендер немесе оның қайда жүруі мүмкін екені жайлы ақпарат болса, 8(778) 295-97-55, 8(747) 615-55-63 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.