Павлодар облысының екі колледжі еліміз бойынша үздік деп танылды

Оқу орындары түркітілдес елдердің TurkісSkills кәсіби шеберлік халықаралық чемпионатының салтанатты рәсімінде марапатталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтауда өткен ауқымды кездесу Техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күнін мерекелеуге арналды.
Павлодарлық Ақпараттық технологиялар колледжі мен «Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжі өз номинациялары бойынша үздік деп танылды.
Колледж басшылары Серік Жартыбаев пен Айгүл Байжұмановаға марапаттарды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі Майра Мелдебекова табыс етті.
– Бұл тану – біздің барлық ұжымымыздың, оқытушылар мен студенттердің мықты байланысының жемісі, екінші жағынан, марапат – одан әрі өсуге ынталандыратын үлкен жауапкершілік, себебі біз деңгейді ұстап, межеден әрдайым асып отыруымыз керек, – деді Ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы Серік Жартыбаев.
«Ertis» Жоғары инновациялық аграрлық колледжінде аталмыш марапат бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының нәтижесі екенін атап өтті. 60 жылға жуық уақыт бойы сапалы білім мен тәрбие беруді қамтамасыз етіп, түрлі жобаларды белсенді әзірлеп, іске асырып келе жатқан білім ордасының мұндай танылуы команданы одан әрі табыстарға шабыттандырады, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер мен ата-аналар қауымдастығы тарапынан қолдаудың айғағы болып табылады.