Павлодарлық кәсіпкерлерге тазаланбаған қар үшін айыппұл салынады

Себебі көктайғақ кесірінен жолаушылар зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодардың ауыл шаруашылығы бөлімі барлық нысандар мен шаруашылық субъектілердің қыс мезгілінде аумақтарын тазалауын қамтамасыз етеді. Басқарма басшысының орынбасары Тоқмұхамед Қабылтаевтың хабарлауынша, бүгінге дейін 600 кәсіпорынға өз аумақтарын тазалау қажеттігін ескерткен.
– Біз объектілерге шығып, кәсіпкерлерге қарды жинап, полигонға апару керектігін ескертеміз. Өйткені кейде адамдар құлап, жарақат алу жағдайлары болып тұрады. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасауға тырысамыз, – деді Тоқмұхамед Қабылтаев. – Егер жұмыс жүргізілмесе, ескерту жасап, осы жұмыстарды аяқтауға он күндік мерзім береміз. Талаптар орындалмаса, материалдарды жергілікті атқарушы органдарға жібереміз.
Егер үшінші ескертуден кейін де жұмыстары жүргізілмесе, ауыл шаруашылығы бөлімі полициямен бірге абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша айыппұл салуға мәжбүр. Жеке тұлғалар – 75 640 теңге, шағын бизнес – 117 960 теңге, орта бизнес 157 280 теңге төлеуі керек.
– Қазіргі таңда мәселе қарда емес, мұз сүңгілерінде. Сондықтан бізде What's App нөмірі пайда болды, осы нөмір арқылы тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдаймыз. Бұған дейін бізде Instagram парақшасы ғана болды, – деп қосты спикер.
Бөлімге +7 (705) 106 10 40 телефоны арқылы хабарласуға болады. Шағым жіберу үшін тек мекенжайды жазып, объектті суретке түсіру жеткілікті. Қысқы кезеңде тұрғындардан жүзге жуық өтініш түскен.