Ақсулық диджей Нью-Йорктың бас алаңында орналасты
Иманбек Зейкенов және америкалық әнші Тревор Дэниел бірлескен ән жазды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірлескен туындының шыққаны туралы афиша Нью-Йорктың орталық алаңы – Таймс-скверде орналасты. Америкалық әнші кезінде Falling және Селена Гомеспен бірге жазған Past Life әнімен танымал.
Иманбек пен Тревор Дэниелдің бірге жазған трегі In The Morning – «Таңертең» деген атқа ие. Оны Spotify, Youtube, iTunes Store, Deezer және басқа да платформалардан тыңдауға болады.
Шоу-бизнесте Imanbek деген атпен мәлім ақсулық диджей мен саунд-продюсер Saint Jhn орындаушысының Roses әніне ремикс жазып, 2021 жылы Грэмми жүлдесін ұтып алғанымен белгілі. Ремикстерді жастайынан жасап жүрген ол көпке дейін сүйікті ісін теміржолдағы жұмысымен бірге алып жүрді.