Павлодарда спорт пен би апталығы өтеді

Павлодарда спорт пен би апталығы өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Ertis Promenade» сахнасында тұрғындар мен қонақтарға арналған спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

23 шілде күні сағат 20:00-21:00 аралығында «Павлодар на спорте» жобасы аясында әртүрлі форматтағы ашық жаттығулар өтеді.

24 шілдеде сағат 17:00-де жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатының ашылу салтанаты өтеді. Осы күні сағат 20:00-21:00 аралығында «Танцы долголетия» бағдарламасы аясында 55 жастан асқан азаматтарға арналған би жаттығулары да ұйымдастырылады.

25 шілдеде сағат 19:00-де жастарға арналған облыстық би фестивалі «BileFest» көрерменге жол тартады.

26 шілде күні таңғы сағат 9:00-10:00 аралығында «Павлодар на спорте» жаттығулары жалғасады. Кешкісін сағат 20:30-22:00 аралығында ашық алаңда көңілді дискотека өтеді.

Апталық 27 шілде күні сағат 19:00-де өтетін «El Paso» би студиясының «OPEN AIR» кешімен қорытындыланады.

Барлық шаралар қала тұрғындары үшін тегін және ашық форматта өтеді.