Павлодарлықтарға сапалы контент жасауды үйретеді

Павлодарлықтарға сапалы контент жасауды үйретеді
Фото:pixabay.com

Тренингте фото мен бейне түсірудің тәсілдері қарастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

10 мамырда сағат 15:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында бағдарламаларды қолдана отырып, сапалы контентті монтаждау және өңдеуден шеберлік сабақ өтеді.  

Мобилограф Мереке Төлеуова смартфон арқылы фотография және видео түсіру негіздерін түсіндіріп, композиция, жарық сияқты тақырыптарды сөз етеді. 

Тренингке 8 (776) 737-30-67 нөмірі бойынша алдын ала жазылуға болады.