Батып кетуі мүмкін: Павлодар облысында жоғалған ер адамды іздеу жалғасуда

Батып кетуі мүмкін: Павлодар облысында жоғалған ер адамды іздеу жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Еріктілер жағалау бойын тексеріп шыққан, алайда іздеу шаралары нәтиже бермеді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Vita еріктілер жасағының мәліметінше, ер адамды сүңгуірлер, жергілікті тұрғындар мен туыстары іздеді.

–  Біздің еріктілер Жаңа қала ауылынан үйлеріне оралды, Руслан Бисмелдиновті іздеу әлі күнге дейін жалғасуда. Ол суға батып кетуі мүмкін, – дейді  «VITA» еріктілер ұйымында. 

7 маусымда сағат 9 шамасында екі адам бұрандасы сынған қайықпен шыққан. Олар бір жағдайға тап болып, Руслан құлап кетуі мүмкін деген болжам бар. 

– Екінші адамның, жалғыз куәгердің айғақтары үнемі өзгеріп отырады. Егер Руслан орманда қалса, ол ендігі қайтып оралатын еді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың барлығы жолды біледі, – дейді іздеушілер.

Еріктілер ұйымында жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат болса, келесі телефон нөмірлері бойынша хабарлауды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).