Павлодарлықтардың қайсысы міндетті декларациядан босатылады?

Павлодарлықтардың қайсысы міндетті декларациядан босатылады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалпыға бірдей декларациялау бойынша Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысымен 2025 жылдың 15 шілдесінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексіне (Салық кодексіне) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.

2025 жылғы  1 қаңтардан бастап міндетті декларациялаудан алғашқы үш  кезеңіне кірмеген азаматтар босатылады: зейнеткерлер, жеке құрылымдардың қызметкерлері,  студенттер, үй шаруасындағы әйелдер, және басқалар (шетелде активтері, мүлкі және банктік шоттары болмаған кезде).

–  Бұдан басқа, бейрезидент болып табылатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдардан декларацияны тапсыру міндеттемесі алынып тасталды, – деді салық салушылар. 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын (250.00 нысан) кім ұсынуға міндетті:

1) сайланбалы және мемлекеттік қызметке кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары);

2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары мәртебесіне ие болуға ниет білдірген тұлғалар және олардың жұбайлары (зайыптары);

3) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

4) цифрлық активтері болған жағдайда ҚР азаматтары, ҚР резиденттері;

5) ҚР тыс жерде келесі мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері:

- мүлік, көлік құралдары, жер;

- шетел компанияларда қатысу үлесі;

- айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақша (2024 жылы АЕК – 3692 теңге, 1000 х 3692 = 3 692 000тг.);

- инвестициялық алтын;

- тұрғын үй құрылысына қатысу үлесі;

- эмитенттері шетелде тіркелген бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

- шетелдегі брокерлік шоттардағы ақша;

- авторлық құқық, зияткерлік меншік объектілері;

-  жеке тұлғалар алдында басқа тұлғалардың дебиторлық/кредиторлық берешегі және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегі (растау құжаттарын қоса бере отырып);

- құны 1000 АЕК асатын (бағалау құны бар болған жағдайда, 2024 жылы бұл 3 692 000 теңге) басқа мүлік (еркі бойынша);

Кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00 нысан) кім ұсынуға міндетті: 

1) мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген тұлғалар, олардың жұбайлары (зайыптары);

2) банктің, бағалы қағаздар мен сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары, олардың жұбайлары (зайыптары);

3) жарғылықты капиталдың (акционерлік қоғам акцияларының) 10 пайыздан астамына иелік ететін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары);

4) жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары, медиаторлар);

5) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді қоспағанда жеке тұлғаның дербес салық салынуға жататын кірістер алған тұлғалар (мүлікті жалға беруден алынған кірістер; шетелдік банк шоттары бойынша сыйақылар; цифрлық активтермен жасалған операциялардан алынған кірістер; төлем көзінен салық ұсталмайтын басқа кірістер);

6) жиынтығында 1000 АЕК еселенген мөлшерінен асатын сомада шетелдік банктердегі банк шоттарында ақшасы бар тұлғалар;

7) шетелде активтері (жылжымайтын мүлік, көлік құралдары, бағалы қағаздар, ПФИ, инвестициялық алтын, шетел компаниялардағы үлесі, тұрғын-үй құрылысындағы үлесі) бар тұлғалар;

8) меншігінде цифрлық активтері бар тұлғалар;

9) ҚР және (немесе) одан тыс жерлерде құны 20 000 АЕК еселенген мөлшерінен (мысалы: 2025 жылы АЕК = 3932 теңге, 20 000 х 3932 = 78 640 000 теңге) асатын мүлік сатып алған тұлғалар;

10) салық агентіне алдын-ала салықтық шегерім қолдану туралы өтініш білдірген тұлғалар.

Декларацияны ұсыну тәсілдері

Электрондық түрде:

- Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салық төлеушінің кабинеті» web-порталы (cabinet.salyk.kz);

- «Электрондық үкімет» веб-порталы (egov.kz);

- Moldir.qoldau.kz, «eSalyq Аzamat», Halyk, bcc.kz Банк Центркредит, eGov mobile, Kaspi банк мобильді қосымшалары арқылы табыс етуге болады.

Қағаз тасығышта:

- мемлекеттік кірістер органдарына келу тәртібімен;

- ХҚКО-ларға;

- хатпен пошта арқылы ұсынуға болады.