Баянауыл ауданындағы жаңа жол учаскесінің асфальті опырылуда
Жолдың ұзындығы он километрден асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл Теңдік–Ұзынбұлақ тас жолының 30-41 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жолдың ұзындығы 11 шақырымды құрады. Тапсырыс беруші - Баянауыл ауданы әкімдігінің нақты сектор экономикасы бөлімі, ал мердігер - «Дорстрой материал - XXI век» ЖШС.
Облыстық Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының мамандары аталмыш нысанға жеті мәрте барып, жол учаскесінің сапасын тексерді.
– Тексеру барысында өрескел кемшіліктер мен ескертулер анықталды. Жолдың кейбір учаскелерінде асфальт ойылып, бұзылған. 1000 шаршы метр жолдың барлық учаскесінде жарықтар мен шыңыраулар анықталды, – дейді орталықта.
Аталмыш бақылау нәтижесіне сәйкес жол қажетті стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталды. Мердігер асфальт төсеу технологиясын бұзған. Бұл өз кезегінде төмен жол сапасының әкеп соғуына себепші болған. Сондай-ақ, сапа орталығының мамандары жол жиегін салуды қажет ететінін анықтады.
– Тексеру нәтижелері бойынша сапа орталығы тапсырыс беруші мен мердігерге барлық анықталған ақаулар мен бұзушылықтарды жою туралы хат жолдады,– делінген хабарламада.
Баянауыл ауданы әкімдігінің нақты сектор экономикасы бөлімі Теңдік – Ұзынбұлақ тас жолының 30-41 шақырымындағы жөндеу жұмыстарын қабылдамады. Барлық заң бұзушылықтар толығымен жойылмайынша жол құрылысы қызметіне ақы төленбейді. Мердігердің өкілдері өз кезегінде барлық ақауларды белгіленген мерзімде түзетуге уәде береді.
Жыл басынан бері Облыстық Ұлттық жол активтерінің сапасы орталығының мамандары 212 жол учаскесін жөндеу және күтіп ұстау объектілеріне 693 шығуды жүзеге асырды. Орталық мамандары 1840 сынаманың ішінде 556 сынамасы нормаларға сәйкес келмеді. Бұған дейін сапа орталығы Шарбақты ауданы Хмельницкий, Майқайың, Маралды, Баянауыл ауданы Ақсаң ауылының, Успен ауданы Ковалевка ауылының кентішілік көшелерінде ақауларды анықтаған болатын. Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар бұзушылықтарды жойды.