Павлодарлықтар электр энергиясының көрсеткіштерін тез әрі оңай бере алады

Тұрмыстық тұтынушылар энергия мен қызметтерді Бірыңғай төлем құжаты арқылы жүргізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Еске саламыз, 2025 жылдың қаңтар айынан бастап электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылар қолданыстағы Электрмен жабдықтау жөніндегі типтік шарт негізінде алуды жалғастырады және «Павлодар электр тарату желілері компаниясы» АҚ-ның Бірыңғай төлем құжаты арқылы энергия мен қызметтерге төлем жүргізеді, – деді «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметі.
Энергия есептегіш құралдарының көрсеткіштерін WhatsApp мессенджерінде +7(701)351-94-74, Telegram және Viber қосымшаларындағы «ПРЭКбот» чат-ботының көмегімен беруге болады.
Қосымша анықтамалық ақпарат алу үшін байланыс орталығына +7(7182)90-33-09, +7(701)031-73-23 нөмірлері арқылы хабарласуға болады.