Асайын Байханов Павлодар қаласы тұрғындарының сауалдарына жауап береді
Облыс әкімі облыс орталығында тұрақты кездесуін өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 29 желтоқсанда сағат 11:00-де Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Павлодар қаласының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді.
Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі. Эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.
Павлодар облысы әкімдігі тұрғындарды тұрақты кездесуге қатысуға шақырады.