Баянауыл ауданындағы өрт жедел ауыздықталды
Жағдайды әуеден бақылау үшін «Қазавиақұтқару» РМК-ның тікұшағы жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
— 3 қазанда «112» пультіне Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінде құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, орман шаруашылығының мамандары және басқа да қызмет өкілдері жедел жетті, - делінген хабарламада.
Төтеншеліктер тілсіз жаудың толықтай ауыздықталғанын әрі елді мекендер мен орман қорына қауіп төнбегенін атап өтті.