Павлодар облысында макулатура тиеген жүк көлігі жанып кетті
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Павлодар ауданы маңында болған.
- Осы жағдай туралы сағат 20:12-де хабарлама келіп түсті. Онда Павлодар ауданының маңында Жертұмсық ауылынан 28 шақырым жерде жүк көлігінің жанып кеткені айтылды. Көлікке қағаз қалдықтары тиелгені белгілі болды, - делінген хабарламада.
Құрбандар мен қаза тапқандар жоқ. Жүргізушіге медициналық көмекті қажет болмады.
Оқиға орнына ТЖ департаментінен 4 қызметкер мен бір техникасы жұмылдырылды.
Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.