16 қаңтарда Павлодар облысында -30 градусқа дейін аяз күтіледі

16 қаңтарда Павлодар облысында -30 градусқа дейін аяз күтіледі
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде облыс бойынша түнде -25...-30 градус, ал күндіз -20...-25 градус суық болады деп болжануда.

Павлодарда түнде сынап бағанасы -25...-30 градусқа дейін түссе, күндіз -20...-25 градусты көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 5-10 метрге дейін соғады.