Павлодарда Усолка ауданында құрғақ шөп жанды

Павлодарда Усолка ауданында құрғақ шөп жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер тез әрекет етіп, апаттың алдын алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін сағат 19:13-те Усолка ауданында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Өрт шамамен 1 гектар аумақты шарпыған.

– Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында оттың ары қарай таралуына жол берілмеді. Техниканың өтуі қиын болғандықтан, өртті сөндіру жұмыстары жаяу жүргізілді, – делінген хабарламада.

Өрт сағат 21:53-те толықтай сөндірілді.