«ЕЭК» Ақсу оқушыларына арнап футбол мерекесін ұйымдастырды
«Евроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ бас директорынының Кубогі биыл он бірінші рет өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Турнир Тәуелсіздік күні және Ақсу электр станциясының 55 жылдығына арналды. Ұйымдастырушылар атынан сөйлеген «ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясының эксплуатация жөніндегі басшысы Александр Поддубный балаларды мерекемен құттықтап, спортта да, өмірде де жеңіске жетулеріне тілек білдірді.
- «ЕЭК» АҚ басшысының Кубогі он бірінші мәрте өткізілуде. Оны ойнату – игі дәстүрге айналды. Сіздерге зор денсаулық, сәттілік пен жеңіс тілеймін, - деді энергетик.
Өз кезегінде, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Анар Жұмабекова және Абай атындағы мектеп директоры Шолпан Кәреева турнирді ұйымдастырып, балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлес қосып жүрген корпорация өкілдеріне алғыс айтты.
Жарыс Абай атындағы мектепте өтіп, сегіз командаға бөлінген 100-ге тарта балалардың басын қосты.
- Командалар Ы. Алтынсарин, Қ. Сәтбаев, Абай, Қ. Шүлембаев атындағы мектеп, лицей, сондай-ақ төртінші, жетінші және сегізінші мектеп намысын қорғауда, - деді жарыстың бас төрешісі Жанат Ақтанов. – 2009 жылы туған және олардан кіші балалар доп тебуде. Олар төрт-төрт командадан екі топқа бөлінді. Тайм ұзақтығы 15 минут. Әрбір команда кемінде төрт ойын өткізді.
Турнир ерекше форматта өрбіді: командалар өз топтарында бір-бірімен өзара ойнап шыққаннан соң ұжымдар қарама-қарсы топтағы командалармен ұшырасады. Осы кездесулердің жеңімпаздары жартылай финалдық жұптарға бөлініп, финалдық жұпты құрайды.
- Мақсат – жеңіске жету, - дейді №7 мектеп жаттықтырушысы Бақытжан Раш. – Мектепте бес жылдан астам жұмыс істеймін, балаларым жақсы ойнайды. Аптасына екі мәрте жаттығамыз.
Оның шәкірті 14 жасар Юрий Кольченко футболмен он жылдан бері айналысып келеді. Мектептегі жаттығулардан бөлек ол «Ақсу» футбол орталығында доп тебеді.
- Орталық жартылай қорғаушы позициясында ойнаймын. Ата-аналарым үнемі қолдап-қолпаштап жүреді, өздері де спортшы. «Манчестер Ситиді» ұнатамын, ойыншылардан Фил Фоден ұнайды, - дейді жасөспірім футболшы.
Юрий Кольченко оның Абай мектебіндегі досы әрі футбол алаңындағы қарсыласы Асыл Қабылдинов секілді туған қаласында мектепте оқып, жаттығып, Павлодарға барып «Ақсу» футбол орталығында футбол ойнауға үлгереді. Асыл Қабылдинов оған қоса жергілікті «Металлургте» де жаттығуды ұмытпайды.
- «Ақсу» ФО сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері болдым, - дейді Асыл Қабылдинов. – Сол жақ вингер болып ойнаймын. «Қайрат» үшін ойнасам деп армандаймын, Қазақстан құрамасына жанкүйермін. Ойыншылардан Неймарды ұнатамын.
Футбол орталығында бірге ойнайтын Юра мен Асыл «ЕЭК» АҚ президенті Кубогының ашылу матчында қарама-қарсы кездесті. Асылдың командасы – Абай атындағы мектеп басым түсті. «Абайлықтар» прессинг жасап, қарымта шабуылдарды шапшаң ұйымдастырып отырды. №7 мектеп пен оның көшбасшысы Юрий Кольченконың әрекеттері сәтсіздікке ұшырады.
Тағдырдың қалауымен қарсыластар финалда қайтадан кездесті. Бұл жолы тартысты өткен матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Оны сәтті орындаған жетінші мектеп футболшылары «ЕЭК» АҚ Кубогінің иегерлері атанды.
Фото: Елена Гаркава
Жарнамалық материал