Павлодарлықтар Сейшел аралдарына бармайтын болды
Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Перевертов жеңілістің себептерін айтып берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Біз айдың басында Ұлттық жағажай футбол командасы 2025 жылы Сейшел аралдарында өтетін әлем чемпионатына іріктеу үшін Испанияға барғанын жазған едік.
Өкінішке орай, павлодарлықтар Виктор Чорный, Виталий Тюльпа, Дмитрий Перевертов бастаған құрама Португалия, Германия және Эстониядан ұтылып, жарысты аяқтады. Тек немістерге қарсы ойында біздің футболшылар алты гол соқты, бірақ өз қақпаларына тоғыз допты жіберіп алды.
- Біз үшін турнир сәтсіз өтті. Өткен жылдары біз алдын-ала дайындалдық, кімдердің баратынын, не істейтінін біздік, ал биыл біз Испанияға баратынымызды үш апта бұрын ғана білдік. Қалай болғанда да, биылғы чемпионат қыркүйек айында бес ойын, ал маусымда төрт-бес ойын өткізетін етіп ұйымдастырылды. Ойын тәжірибесі жеткіліксіз болды, - дейді тәжірибелі ойыншы.
Дмитрий Перевертовтың өзі үшін турнир тым ерте аяқталды: португалдықтарға қарсы бірінші матчтың екінші таймының соңында ұлттық құраманың көшбасшысы жарақат алды. Алайда оны өз денсаулығынан гөрі бас команданың және бүкіл қазақстандық жағажай футболының тағдыры көбірек алаңдатады.
- Біз әрі қарай жұмыс істеуді жалғастырамыз, бірақ федерациядан әлі ешқандай түсініктеме болған жоқ. Біз халықаралық аренада екі жылдық үзілістен кейін бардық. Федерацияда жүрдім-бардым деген негізде нәтижеге қол жеткізе алмайтынын түсінді деп үміттенемін, - дейді павлодарлық.
Осы себепті ұлттық құраманың базалық клубы – павлодарлық «Арман» регрессияға ұшырады, кейбір ойыншылар өз отбасыларын асырау үшін спорттан кетті. Ұлттық құрамаға жағажай футболы дамымаған аймақтардан футболшылар тартыла бастады.
- Егер елде жағажай футболын одан әрі дамытамыз десек, онда «Арманды» күшейту керек, тек «Арманда» ғана керекті әдіснамалық база бар. Қазақстанда техникалық-тактикалық дамумен тек Павлодарда ғана тиісті деңгейде айналысқан. Бұл спорт түріне инвестиция салу керек, жастарды тәрбиелеу керек, жиындар, жолдастық ойындар ұлттық құрамалар деңгейінде өткізу керек. Өйткені бұған дейін тек павлодарлықтар ғана өз ынта-жігермен жұмыс істеді. Мысалы, біз еліміздің 15 дүркін чемпионы атандық, ал әкімдердің қабылдауында болған емеспіз, қандай да бір бонустар немесе сыйлықақылар туралы тіпті айтпаймын.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Португалияның Назаре қаласында өткен 2021 жылғы мундиальде ойнаған болатын. Сол кезде біздің команда 21 команда арасында 16-орынға ие болды.
Жазда Павлодарда ел кубогы өтті, онда «Арман» тек үшінші орынды иеленді. Команда турнир басталмай тұрып-ақ қиындықтарға тап болды, жарақат салдарынан негізгі ойыншыларды жоғалтты. Павлодарлықтар турнир жеңімпаздары – Талдықорғанның «Малайсары» командасынан 4:3 есебімен ұтылды.
Дмитрий Перевертов 2010 жылдан бері ел құрамасында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол бас команда үшін 40-қа жуық матч өткізді. 2023 жылы оған «Қазақстан футболының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.