Екібастұз әйгілі Естайдың портретімен безендірілді

Келесі мурал Сәтбаев көшесі, 37/1 үйінде пайда болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұзда қаланы белгілі тұлғалар мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің муралдарымен безендіру жалғасуда. Бүгін кезекті жобаны аяқталды – Беркімбаев көшесі, 112-ші үйдің қабырғасына Естай Беркімбаевтың портреті салынды.
– Естай Беркімбайұлы - қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, КазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Екібастұз өңірінің тумасы. Естай – «Қорлан» туындысымен классик сазгерлердің қатарынан ойып тұрып орнын алған дарынды атамыз. Атамыздың атымен қаламыздың бас көшелерінің бірі және музыкалық мектеп аталған, – деді Екібастұз әкімі Аян Бейсекин.
Ол биыл жергілікті бюджеттен тоғыз көпқабатты үйдің және 641 шаршы метр қоршаудың көркем суретін салуға 39,2 миллион теңге бөлінгенін атап өтті. Елордалық «EMD-group» ЖШС-мен шарт жасалды. Портреттер үш қасбетте – Мәшһүр Жүсіп, Бауыржан Момышұлы, Королев көшелерінде аяқталды.
Портреттерді әкімдікпен бірлесіп мердігер ұйым таңдайды.
Қазір мердігер М. Әуезовтің муралын аттас көшедегі үйдің қасбетіне салу үстінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram