Павлодарда үй жануарларын міндетті тіркеу жалғасуда

Павлодарда үй жануарларын міндетті тіркеу жалғасуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік осал топ өкілдеріне бұл қызмет тегін көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ветеринариялық станциясының аулау қызметі мәлімдегендей, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңының 11-бабына сәйкес үй жануарлары міндетті түрде тіркелуге жатады. Жануардың иесі ауысқан жағдайда да, мәліметтер базасында қайта тіркеу қажет.

Қаланың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына жататын азаматтары өз үй жануарларын тегін чиптету және тіркеуден өткізу мүмкіндігіне ие. Қызмет Камзин көшесі, 352/1 мекенжайында көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін +7 (708) 277-31-19 нөміріне хабарласуға болады.