Екібастұзда ІТ болашағына қызығушылық танытатын жастарды фестивальге шақырады

Екібастұзда ІТ болашағына қызығушылық танытатын жастарды фестивальге шақырады
Фото: Константин Шелков

Онда әртүрлі іс-шаралар мен қызықты контент жасайтын орындар ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз Жастар бастамаларын дамыту орталығының ұйымдастыруымен 16 қазан күні «Өнер» ҚМС-те «Future fest» жастар ІТ фестивалі өтеді. Бұл оқиға технологияға, трендтерге және ІТ болашағына қызығушылық танытатын кез келген адам үшін тамаша орын.

Фестивальде сахна төрінде бес спикер ІТ және болашақ технологияларға қатысты тақырыптары бойынша сөз сөйлейді.

Сондай-ақ, аталмыш кеште жастарға арналған мазмұн жасауға және әлеуметтік медианы жылжыту стратегияларын талқылауға арналған TikTok аймағы, тәжірибелері мен түсініктерімен бөлісетін сарапшыларды қамтитын подкасттар, ойындар мен ойын-сауық әуесқойлары үшін PlayStation аймағы, пікірлес адамдармен кездесіп, пайдалы байланыс орнатуға болатын желілік байланыс, белсенді демалу және қарым-қатынас үшін пинг-понг ұйымдастырылады.

Айта кетейік, қатысушылар сапалы уақыт өткізіп, технология әлемінен шабыт алу мүмкіндігіне ие болады.