Павлодарда тұрғындардың мәселелері шешімін табуда

Павлодарда тұрғындардың мәселелері шешімін табуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

 Қала әкімі көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Кездесу Лермонтов көшесі, 96/2 мекенжайы бойынша өтті.

– Тұрғындар шатырды жөндеу, жертөленің жағдайы және ғимарат қасбетіндегі ауа сорғыш жүйесіне қатысты мәселелерді көтерді. Жертөленің жағдайына байланысты тұрғын үй инспекциясы бөліміне қызмет көрсетуші ұйыммен бірлесіп тексеру жүргізу тапсырылды. Шатырды жөндеу мәселесі тұрғындардың мақсатты жинақтары есебінен шешілетін болады. Сонымен қатар, тұрғындар тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатыса алады. Бұл үшін қызмет көрсетуші мекемелер тұрғындар жиналысын ұйымдастырып, бағдарламаның барлық шарттарын түсіндіреді, – деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram-парақшасында.

Қала әкімінің айтуынша, үйдің қасбетіндегі ауа сорғыш жүйесі мәселесі санитарлық-эпидемологиялық станциямен бірлесіп, тексеру үшін сәулет бөліміне тапсырылды және мәселе бақылауға алынды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)