Екібастұзда өрт кезінде сегіз адам құтқарылды

Екібастұзда өрт кезінде сегіз адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көпқабатты үйдің бесінші қабаты мен техникалық қабатын түтін басып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

26 ақпан күні 112 қызметіне Екібастұз қаласындағы М.Әуезов көшесінде орналасқан көпқабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар түсті.

Жоғары екінші шақырту дәрежесі бойынша оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің күштері мен құралдары жедел жіберілді. 

Құтқарушылар келген кезде бесінші және техникалық қабаттарды қалың түтін басқаны анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау жүргізіп, арнайы құтқару құрылғыларының көмегімен сегіз адамды, оның ішінде төрт баланы қауіпсіз жерге шығарды, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер қоқыстың жануын жедел түрде сөндірді. Құтқарылған тұрғындар жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.