Атамекен кенті маңында көлік өртенді

Атамекен кенті маңында көлік өртенді
Константин Шелковтың иллюстративті сурет

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 қараша күні сағат 09:14-те Атамекен ауылына баратын көпір маңында автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер өртті 15 минутта ауыздықтады. Өрт үш шаршы метрге жайылған. 

Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар қызметінің бес қызметкері мен бір техника жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.