Екібастұзда автогаз станциясы мен дүкен өртенді
Өрттің жақын тұрған меншік үй секторына көшу қаупі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 26 шілде сағат 13:24 шамасында Екібастұз қаласы Қонаев көшесі,5 мекенжайында орналасқан автогаз құю бекеті өртенді. Тілсіз жау станцияның жанында тұрған «Фируза» дүкеніне ауысқан.
– Өрттің көрші ғимараттарға, жолдың арғы бетінде 100 м қашықтықта орналасқан үйлерге өту қаупі бар, – деді департаментте.
Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Өрттің себептері анықталуда. Қазіргі кезде өртті сөндіру жалғасуда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram