Павлодарда өндіріс орнында әйел адам зардап шекті
Оқыс жағдай 18 қыркүйекте орын алған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, «Қазақстан алюминийі» АҚ-да гидрометаллург-аппаратшыға сілтілі ерітінді түскен.
– Қазіргі уақытта жазатайым оқиғаны тергеу ұйымдастырылуда, – деді басқармада.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында зардап шеккен адам жансақтау бөлімінде үздіксіз жылытылған сетрильді ауа беріліп тұратын орында жатқанын хабарлады. Жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады, есін біледі.
Беті мен сол жақ жоғарғы аяғын, денесін 22% термохимиялық күйік шалған.