Павлодарда екі жастағы бала терезеден құлады
Бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жедел жәрдем станциясына 18 сәуірде кешкі сағат 19:07-де төртінші қабаттан бала құлады деген хабарлама келіп түсті. Медициналық бригада алты минутта жетті. 2022 жылы туған ұл бала жеңіл дәрежедегі бас миының жарақаты диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.