Екінші Павлодарда автокөлік қозғалысы шектеледі

Екінші Павлодарда автокөлік қозғалысы шектеледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 18 маусым күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Пенза - Минин көшелерінің шекарасындағы Малайсары батыр көшесінде автокөлік құралдарының қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты № № 11, 40, 41, 126 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.

№ № 11, 40, 41, 126 автобус бағыттары шығыстан батысқа қарай Малайсары батыр көшесімен жүргенде Малайсары батыр  - Минин  - С. Щедрин - Қамзин көшелерімен қозғалады және маршрут бойынша жүреді.

Кері бағытта батыстан шығысқа қарай Малайсары батыр көшесімен жүрген кезде автобус маршруттары осы учаскені Малайсары батыр  - Российская - С. Щедрин - Минин - Малайсары батыр көшелерімен айналып өтеді және маршрут бойынша қатынайды.