Павлодарда қайда жарық болмайды

Павлодарда қайда жарық болмайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қыркүйек күні сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:

  • Лермонтов көшесі, 100/1 («Золотой мир», «Best» зергерлік салондары), 100/2 (№1 стоматологиясы), 110;
  • Н. Назарбаев даңғылы, 18 («Мейір» медициналық орталығы, «Instep_kz» балалар аяқ киімі дүкені, «Денталарт» стоматологиясы, «Qazaq tili ortalygy» тіл мектептері), 18/1 (Қаныш Сәтбаев атындағы кітап үйі).

Сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін:

  • Бөкейхан көшесі, 242 («Аид» жерлеу агенттігі);
  • Достоевский көшесі, 1 («Монолит» АЖБ кеңсесі);
  • М. Горький – 29 қараша – Толстой – А. Бөкейхан көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.