«Павлодар-Водоканал» су тоқтатылатыны туралы жалған ақпаратқа түсініктеме берді

Жуырда Павлодар тұрғындарының WhatsApp чаттарында 6-7 тамызда қалада су тоқтатылатыны жөнінде жалған ақпарат таралды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл хабарламаның Павлодар қаласына қатысы жоқ.
– Барлық жоспарлы жұмыстар мен су беру тоқтатулары туралы хабарламалар 3-4 күн бұрын ресми сайтта және Instagram-дегі @pavlodar_vodokanal аккаунтында жарияланады, – делінген хабарламада.
Ведомство тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.